Rus Eng Kz Мұнай және газ

Ғылыми-техникалық журнал «Мұнай және газ»

менің себетім  
себетіңіз бос
Басты бет / Конференциялар мен көрмелер

Конференциялар мен көрмелер


30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

Конференция KIOGE 2026

30 қыркүйек-1 қазан аралағында 30-шы Қазақстандық халықаралық «Мұнай және Газ» - KIOGE 2026 технологиялық конференциясы өтеді

KIOGE конференциясы Қазақстанның және бүкіл Каспий өңірінің мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең ірі іс-шараларының бірі болып саналады. Бұл Қазақстандағы алғашқы мұнай-газ көрмесі мен конференциясы, ол өз тарихын 1993 жылдан бастайды. KIOGE конференциясы өзекті экономикалық идеяларды дамытуға және мұнай-газ секторы үшін нақты шешімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі.

Конференция бағдарламасы келесі бағыттар бойынша бірқатар стратегиялық және жоғары мамандандырылған сессияларды қамтиды:

  • Тұрақты даму тұжырымдамасы аясында мұнай және газ жобаларын іске асыру

  • Мұнай-газ саласының негізгі жобаларының мәртебесі мен даму жоспарларын таныстыру

  • Геологиялық барлау және инвестициялар

  • Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту

  • Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2050жж тұжырымдамалары

  • IT және жасанды интеллект

  • Жергілікті қамтуды нығайту – өңірлік экономикаларды орнықты дамытуға және оларға жәрдемдесуге жол

  • Жаһандық энергетикалық трансформация жағдайындағы Қазақстанның бейімделу стратегиялары

  • Газ өңдеу саласындағы халықаралық әріптестік

  • Мұнай-газ химиясы


KIOGE КОНФЕРЕНЦИЯСЫ СІЗДІҢ КОМПАНИЯҢЫЗҒА КЕРЕМЕТ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ :

  • Мұнай-газ нарығының негізгі өкілдерімен кездесу

  • Жаңа контактілерді орнату

  • Серіктестермен тиімді кездесулер өткізу

  • Өзекті мәселелерді талқылау

  • Тәжірибе алмасу

  • Сіздің компанияңызды жарнамалау – Сіздің компанияңыздың мұнай-газ нарығындағы имидждік құрамдас бөлігін/өкілдігін күшейту

Толық ақпарат сілтеме бойынша: https://www.kioge.kz/kz/konferenciya/konferenciya-turaly